«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында «Идея шындыққа айналды: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты дөңгелек үстел өтті.
Еуразиялық интеграцияның қаншалықты игілікті болғаны туралы пікір білдірген саясаттанушы Эдуард Полетаев биыл интеграция концепциясын сөз еткен Назарбаевтың идеясына 25 жыл толғанын тілге тиек етті.
Оның айтуынша бүгінгі қалыптағы одақтың деңгейіне жету үшін интеграциялық процестер бірқатар даму сатысынан өткен.
– Иә, одақ жұмысындағы олқылықтар әлі көп. Көпшілігі әлі қағаз-құжатқа қатысты түйіткілдер. Уақыт өте бұл мәселелердің барлығы да өз шешімін табады, – деген пікір білдірді ол.
Отырыстың арнайы қонағы Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы Ирина Переверзева Еуразиялық одақтың биылғы саммиті 29 мамырда Астанада өтетін айтып өтті.
«Десе де, экономикалық интеграцияның шыңына әлі де жеткен жоқпыз» деді ол.
Ал «Бірлік Единство» саяси зерттеулер орталығының маманы Алексей Чекрыжовтың айтуынша, посткеңестік елдерді интеграциялау идея тек – Назарбаевқа тиесілі.
«Еуразиялық одақтың көкжиегі кеңіп келеді. 50-ден аса мемлекет Еуразия экономикалық одағымен әріптесіп жұмыс істеуге құлық танытты.
Соңғы 4 жылдың ішінде Египет, Иран, Үндістан, Израиль сияқты мемлекеттер еркін сауда аймағына қосылуға ынта екенін мәлімдеді», – ол.
Шарада сөз алған өзге сарапшылар бұл одақтың болашағы баянды боларына сенім білдіріп, қазіргі қиыншылықтардың барлығы өтпелі екенін айтты.
Источник: Dalanews.kz – ақпараттық агенттігі