Алматыда «Еуразия әлемі» ҚҚ сарапшылар клубының мәжілісі өттіОтырыстың тақырыбы:  «Идея шындыққа айналды: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасының 25 жылдығына арналған». Сарапшылар жиналысының ұйымдастырушылары «Берлек-Единство» ГЗО және AlmaU болды.

Сарапшылар клубының модераторы рөлін Эдуард Полетаев атқардыОтырысқа танымал қазақстандық сарапшылар Марат Шибутов, Андрей Чеботарев, Гүлмира Илеуова, Асқар Нұрша және басқалар қатысты.

Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ЖҚПЗО) бас директоры Валерий Федоров ресейліктер арасындағыЕЭО-ға байланысты әлеуметтік өлшемдерді бағалау нәтижелерін ұсынып, 2014 және 2019 жылдардағы әлеуметтік өлшемдер туралы мәліметтерді түсіндірді. Ол сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ресейлік респонденттердің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдауына қатысты бағалауларымен таныстырды. ЖҚПЗО деректері бойынша, 2006 жылы респонденттердің 50% Қазақстанның көшбасшысы Ресейге қатысты достық саясат жүргізуде деп санаған, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 74% құрады.

Іс-шараға қатысқан ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-ның бас ғылыми қыметкерлері — Вячеслав Додонов, Леся Каратаева, Ирина Черных.

Экономист Вячеслав Додонов ЕЭО-ның институттары шынымен де жұмыс істемейтін болса, бір орында қалып қою қаупі бар екенін айтты. Ол сондай-ақ, ЕЭО-ның іс-әрекеттерімен байланысты ақпараттық фон негізінен теріс екендігін және бұл қауымдастықтың қолдауына ықпал етпейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Леся Каратаева өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ дамуға мүмкіндік беретінін айтып кетті. Ирина Черныхтың айтуынша, қазіргі кезде интеграциялық үдерістер арқасында болып жатқан жұмыс жағдайлары, жұмыс тетіктері қалыптасады. Біз бұл бірлестікті қажет етеміз, бұл біздің елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жеңілдетеді, халықтың өмірін жақсартуға көмектеседі.

2

Источник: КИСИ

от wefund