Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанға транзит және көлік әлеуетін тиімді дамытуға септігін тигізеді, деп санайды саясаттанушы Эдуард Полетаев. Сондай ол «елде кедергісіз транзит ұйымдастыру мүмкіндігі республика артықшылықтарының бірі» деп атап өтті. Бұл туралы easttime.ru хабарлайды.

«Транзит әлеуеті қуатты экономикалық әлеуеттердің бірі болып табылады, тіпті ол негізгі стратегиялық мәселе саналады», — деді ол.

«Азия-Тынық мұхиты өңірі немесе Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа одағы аймағы арасында орналасу қазіргіге қарағанда мол пайда табуға мүмкіндік береді. Бұл біздің өңірдің тұйықтығын еңсерудің бірден бір тиімді жолы», — деді Эдуард Полетаев 30 қазан күні Алматыда өткен «Еуразия әлемі» сарапшылық клубының отырысында . Аталмыш шара «Бірыңғай нарықты кеңейту – ЕАЭО бірлестігінің транзиттік әлеуеті» тақырыбына арналды.

Оның айтуынша, алдын ала болжамдарға сәйкес, ЕАЭО аясында ұйымға мүше елдердің инвестициялық тартымдылығы артады.

 
Источник: BNews.kz

от wefund