«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Цифрлы шешімдер және Еуразиялық одақтың шекаралық аймақтарының экономикалық әріптестігі» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Dalanews.kz сайтына сілтеп.
Іс-шараның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, әзіргі күні одақ аясындағы барлық елдер цифрлы саласы дамытуға күш салуда. Күні кеше Астанада өткен экономикалық форумда бұл мәселеге барынша көңіл бөлінді.
«Мен білсем, Ресейдің «Цифрлы экономика» бағдарламасы 2024 жылға дейін созылады және де киберқауіпсіздік, білім сапасы, маман біліктілігі, ІТ бағдарламалар бағытындағы зерттеулер» тақырыбын қамтиды», – дейді Полетаев.
Оның атап өткеніндей, көпшілік цифрландырудың салдарынан дәстүрлі кәсіптер жоғалып кете ме деп қауіптенеді екен.
«Иә, бұл заман талабы. Технология дамыған сайын нәтижесі төмен бірқатар дәстүрлі мамандықтар жойылып кетуі мүмкін», – дейді бұл ретте «Эксперт-Сібір» компаниясының бас директоры Виталий Букатин.
Оның айтуынша, цифрлы экономика 2000-шы жылдардың басынан басталып кеткен. Алайда бұл бағыттың тәуекелдері де көп көрінеді.
«Айталық цифрлік экономика дәстүрлі билік пен ірі бизнестің түбіне жетеді деген пікір бар. Меніңше қазіргі таңда одақ аясындағы елдер негізінен шекаралық аймақтардағы әріптестік мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек. Айталық, Омбы, Жаңасібір өңірлерін Қазақстанның солтүстік өңірлерімен арадағы әріптестігін нығайтқанымыз маңызды. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті дамытуға жол ашады», – дейді Букатин.
Ал профессор, «Айлайн технологии» компанияның тең төрағасы Дмитрий Свириденконың пікірінше цифрлы экономиканың не екенін түсінбейтіндер әлі де көп. Айталық, компьютер мамандары мұны блокчейн, криптография және жасанды интеллект деп түсінеді.
«Бірақ, бұл барлық адамға қолжетімді емес.Шыны керек цифрландырудың мәні мен мазмұнын біздің билік те түсінбей отыр», – дейді.
Оның айтуынша, цифрландыру ісіне келгенде Қазақстан мен Ресей бірлесе қимылдауы қажет. Егер екі ел өздерінің бұл тараптағы технологияларын біріктіре алса, жақсы жетістікке жетеді.
Шара аясында отырысқа келген өзге де мамандар бұл тараптағы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Айталық, PR кеңесші, Қазақстан коммуникативтік қауымдастығының өкілі Владимир Павленконың пікірінше, елімізде цифрландыруды индустрияландыру деп қабылдайтын да бар.