«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Бейжіңнен Берлинге дейін: Еуразия кеңістігіндегіндегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың болашағы бар ма?» атты тақырыпқа арналды.
Шараға шақырту алған сарапшылар осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтып өткеніндей ірі инфрақұрылымдық жобалардың мемлекеттің тамырына қан жүгіртеді, елдің адами әрі қаржылық әлеуетін арттырады.
«Жалпы Еуразияның экономикалық дамуы транспорттық жүйесіз мүмкін емес. Осы мақсатта мемлекеттердің логистизациялау маңызды» деді ол.
Оның пікірінше бұл ретте Қытай белсенділік танытып отырған «Бір белдеу – Бір жол» жобасы аса маңызды.
Ал Еуразиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Лидия Пархомчиктің пікірінше Еуразиялық одақ елдері су әлеуетін арттырулары тиіс. Бұл мақсатта Еуразия даму банкі жүргізетін зерттеулерге назар аударған жөн.
«Бұл мақсатта «Еуразия» каналын салу аса өзекті. Бұл одақ елдерінің дүниежүзілік мұхитқа шығуына жол ашар еді. Бірақ бұл жобаға бірінші кезекте Мәскеу қызығушылық танытуы керек» дейді ол.
Ал саясаттанушы Антон Морозовтың пікірінше Еуразиялық интеграция түптің түбінде ортақ транспорттық-энергетикалық кеңістіктің құрылуына алып келеді.
«Жалпы Еуразиялық одақ елдерінің экономикалық әлеуетін арттыруда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің пайдасы мол еді. Бірақ бұл арада бар мәселе Ресейге тіреліп тұр. Қазақстан өз жолын, Қытай өз жолын салды. Алайда Ресей асығар емес. Мұның саяси себебі де болуы мүмкін» деді ол.
Өз кезегінде саясаттанушы Марат Шибұтов Еуразия кеңістігінде әлі күнге дейін барлық тұрғыдан пайдалы болатын жоба жасалмағанын тілге тиек етті. Оның пікірінше жобалардың көпшілігі сөз жүзінде қалып жатыр.
«Каспийдегі АҚтау және Құрық порттарынан да, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолынан да ешқандай пайда жоқ. Ал бұл жобалар кеткен ақшаның орнына кім толтырады? Қытайдан үнемі инвестиция тарта алмаймыз, оны да түсіну керек. Сосын біздің нарық ірі емес. Біздің нарықтан айырылса Қытай ештеңе жоғалтпайды» деді ол.
Источник: Информационно-аналитический портал «365INFO.kz. Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар»