Террористік әрекеттердің алдын-алу мәселесі кез-келген елдің күн тәртібінде тұр. Ал Кедендік одақ аясындағы үштік терроризмге қарсы күрестің жаңа жолдарын іздестіру үстінде. Атап айтар биыл бұған қатысты заңнама қатаңдатылды.
«Кедендік одақ аясындағы үштік Қылмыстық кодексті оның ішінде терроризм мен экстремизмге қатысты тармақтарды қатаңдатты. Бұл тегін емес. Себебі бұл жыл интеграциялық тұрғыдан алғанда ауыр жыл болады. Еуразиялық эконмомикалық одақтың келісімшартына қол қойылатын кез тақау қалды. Сонымен қатар Украинадағы жағдайды да назардан қалыс қалдыруға болмайды» деді осы ретте «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубының шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев.
Өз кезегінде Қазақ-неміс университетінің профессоры Рүстем Бұрнашев Қылмыстық кодекстегі терроризм тармағының шикіліктеріне тоқталды. Оның сөзінше, ел Үкіметі терроризм мен экстремизмнің арасындағы айырмашылықты түсінбей отыр. ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Леса Қаратаев Бұрнашевтың пікірін толықтыра түсіп: «Көп жағдайда терроризм мен экстремизмді қатар алып қарастырамыз. Бұл қате түсінік. Негізінде эстремизмнің ауқымы әлдеқайда кең. Яғни біз экстримизге қарсы күресті күшейтуміз керек дегенде нақты неге қарсы күресетінімізді өзіміз де нақтылап бере алмаймыз. Айталық, бір адамда террорлық әрекеттерге барды деп айыптау аса қиын. Бұған ең алдымен бұлтартпас дәлелдер болуы керек. Бұл дегеніміз жарылғыш заттар, аталған адамның таспаға түсіп қалған нақты әрекеттері. Экстремистік әрекеттерге барды деп кез-келген адамды айыптауға болады» деді.
Ал саясаттанушы Замир Қаражанов сөзіне қарағанда «интеграциялық үдерістер Қазақстан, Ресей және Белорусьтің терроризмге қарсы бірігіп күресуіне көмектеседі. «Қалайша?» дейсіз ғой. Бірінші кезекте қазір террористік ұйымдардың өзі көп ұлтты. Мысалға бір ғана Әл-Кайданың өзінде 20-дан астам ұлты өкілдері бар екен. Яғни, мұндай трансұлттық құбылысқа қарсы бірігіп күресу қажеттігі туындайды. Бұл өз кезегінде араздасып қалған елдердің арасын жақындатады. Олар бұл тарапта ортақ келісімге келеді», – деді бұл ретте ол.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев терроризм түсінігін нақтылап берді. Оның айтуынша бұл ұғым – халықаралық және аймақтық деген екі түрге бөлінеді. Ал бұл екеуінің айырмашалығы жер мен көктей. «Біз әлемдік қауымдастыққа еліктеп террористерді халықаралық деңгейде қарастыруға шеберміз. Сайып келгенде АҚШ мен Батыс елдері ізін аңдып жүрген террористердің бізге түк қатысы жоқ. Себебі біз халықаралық емес, ұлттық терроризммен бетпе-бет келудеміз. Яғни дәл қазір ұлттық деңгейде террорлық белсенділік танытып отырған шағын топтармен күрес жүргізіліп жатыр. Ал мұндай топтардың халықаралық деңгейге түк қатысы жоқ. Бұлар халықаралық тәртіпті өзгертуге ұмтылмайды. Айталық, Өзбекстандағы террорлық әрекеттер Өзбекстан билігінің режімін құлатуға және саяси билікті өзгертуге бағытталды», – деді Чеботарев.
Өз кезегінде журналист Владислав Юрицын саясаттанушы Эдуард Полетаевтың сөзімен келіспейтінін айтып, бұл ретте: өз ішінде террористік топтарға қарсы күресте халықаралық ұйымдарды тартуға талпынған Өзбекстен артынша бұл әрекетінен түк шықпасын сезді. Былайша айтқанда халықаралық деңгейдегі күрестің тиімсіздігін бірден байқады да, бұл тараптағы іс-шараларды ұлттық деңгейде жүргізді. Сосын біздің елдер терроримзге қарсы күрес халықаралық мәнге ие болуын қаламайды. Ендеше бүгін сізді Эдуард мырза «интеграциялық үрдістер терроримнің алдын-алуға септеседі» деген пікіріңіз мүлдем қисынсыз. Неге? Себебі біздің аймақтағы террористік әрекеттер негізінен халыққа болмаса мемлекетке бағытталып отырған жоқ» деді.
Источник: Источник: Жас Қазақ