Еуразия әлемі пікір сайыс клубының кезекті басқосуы: «ЭКСПО-2017» Қазақстанға назар аударыңыз. Болашақ энергиясы біріктіреді» атты тақырыптың аясында өтті.

 

Сөз басын саясаттанушы Эдуард Полетаев ашты.

«Мен білсем, қазір осы көрмеге қатысты қорытынды шешім шығарып жатқан сарапшылар бар. Бұған әлі де болса ерте деп санаймын. «Балапанды күзде санайды» деген сөз бар» деді ол.

Ал журналист Владислав Юрицыннің айтуынша,  қазір көрмеге қатысты пікірін қалыптастырып үлгерген үш топ бар.

«Алғашқылары: «Көрмені көзімен көрмегендер. Бірақ осы шараға шашылған ақшаға жүрегі ауыратындар. Олар үшін бұл қыруар ақша босқа кетті. Желге ұшты. Құмға ұшты. Ал ЭКСПО-ның қайтымы болмайды.

Кейінгілері:  Көрмені көзімен көргендер. Көңілі толғандар. ЭКСПО-ның бекер өткізілмегеніне көзі жеткендер. Рас, мұндайлар аса көп емес.

Ал үшінші бір тобы: Мәдениетті сүйетіндер. Астанаға көрмеге келген елдердің мәдени бағдарламасын көру үшін ғана барғандар қаншама. Оларға павильондар қызық емес, шараға шақырту алған мемлекеттердің мәдени бағдарламалары қызық» дейді ол.

Өз кезегінде web-баспагер Жәнібек Сүлеев: «ЭКСПО аяқталғаннан кейін қаңырап қалған павильондарды қайтеміз? Оларды қай мақсатқа қолданамыз? Олар ертеңгі күні бос қалмай ма?

Бұл орайда менің бір ұсынысым бар. Осы павильондарға неліктен кулинарлар мен аспаздарды шақырмасқа? Оларды екі-үші жыл бойына салықтан босатып кәсібін дамытуына мүмкіндік берсек, ұлттық асханамыз әлемге жаңа қырынан танылар еді ғой?» деген пікір білдірді.

Ал «Центр Азия» журналы бас редакторының орынбасары Евгений Пастуховтың сөзінше көрме туралы айтқанда туризм мәселесін назардан шет қалдырмау керек. «Туризм туралы түсінік деген не? Көп адамдар туризмді курорт және теңіз деп ойлайды. Болды. Басқа ештеңе емес. Алайда туризмнің шекарасы онымен шектелмейтіні белгілі ғой.

Айталық, қазіргі күні мұражайлар мен көрмелерге кім барады? Баратындар бар, бірақ, тым аз. Сондықтан да ЭКСПО арқылы елдің туризм туралы түсінігін өзгертуге күш салуымыз керек.

Сосын ендігі жерде ЭКСПО-ға қанша ақша жұмсалғаны маңызды емес. Мұны мәдениет, білім және ғылым саласына жұмсалған инвестиция деп түсінгеніміз жөн» деді ол.

Ал жиынды түйіндеген саясаттанушы Антон Морозов көрмені имиджіне коррупциялық  дау көлеңке түсіргенін айтты.

«Тағы бір мәселе, сіздер ЭКСПО аяқталғаннан кейін ондағы нысандар қаңырап қалмай ма деп жатырсыздар. Меніңше сұрақты басқаша қою керек. Бұл нысандар қашанға дейін шыдайды, олардың іргетасы қаншалықты сапалы, олардың қабырғасы қаншалықты берік?  Өздеріңіз білесіздер, қыста ЭКСПО-ның бір конструциясы қирап қалды. Күні кеше әлеуметтік желілерде көрмеге арнап салынған нысандардың әйнегі шытынап жатқаны туралы жазылды. Суреттері де салынды. Бұған не дейсіздер?» деді ол.

Источник: 365info.kz

от wefund