«Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының кезекті басқосуы «Протекционизм және санкциялар – әлемдік экономика мен саясаттың заманауи тенденциясы іспеттес» атты тақырыпқа арналды.

Шараның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша  санкция салдарынан кәсіпкерлер зардап шегуде.

«Санкциялық соғыстың жеңімпазы болмайды. Себебі, екі жақты әріптестіктің үзілгені екі тарапқа да тиімді емес.Санкциялардың соққысын сезінбеу үшін мемлекет импортқа тәуелділіктен аралып, қажетті өнімдерді өз жерінде өндіретін әлеуеті болуы керек», – дейді ол.

Ал журналист Владислав Юрицынның айтуынша әзір Ресей шарасыз отыр.

«АҚШ пен Батыстың тарапынан қабылданған санкцияларға жауап қатқан жоқ. Осыны түсінбей-ақ қойдым. Мәскеу неге үнсіз? Неге санкция қарсы шара қабылдамайды? Неге қарсы жауап қатпайды?», – деді ол бұл орайда.

Оның атап өткеніндей, егер Еуразиялық одақ аясындағы елдерді де қиындыққа ұшыратқанды қаламаса Мәскеу тез арада шешім қабылдауы керек. Батыс жауап ретінде Батыс экономикасына соққы беретін қарсы санкцияға көшкені жөн.

Өз кезегінде қаржыгер Расұл Рысмамбетов Ресей одақ аясындағы келісімшарттарды сақтамай отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ресейдің өзінде Еуразиялық одақтың еркін сауда принципі мүлде жүрмейді деген сөз.

«Бұлардың өз заңы бар. Бұдан кейін кіріп көр Ресей нарығына…» деді ол.

Ал Қазақстан интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабировтың пікірінше, біздің экономика «барлығы да тең» деген қағиданың шеңберінде қалып қалды.

«Әлемдік экономиканың сипаты жыл санап өзгеріп жатқанын санатқа алмады.

Соның салдарынан мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін салалар кенже қалды. Бастапқы кезеңде бұлар мемлекет көмегіне мұхтаж-тұғын.

Мемлекет мән бермегесін ІТ саласы, көлікқұрастыру, инженерия дамымай қалды біздің елде. Бұларды бір ізге түсіріп, экономиканың алдыңғы дөңгелегіне айналдырары мүмкіндігіміз болған. Қазір кеш», – деді ол.

365info.kz

от wefund