«Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің белгілері мен символдары»  қандай болуы керек? «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында осы мәселе талқыға салынып, шараға шақырту алған сарапшылар өз ойларын білдірді.

Қазақстан коммуникативті қауымдастығының PR маманы Владимир Павленконың айтуынша символдар мен белгілер идеологиялық құрал. Бірақ, бұған асығудың қажеті жоқ.

«Символдау процесіне уақыт өте келеді. Дәл қазір одақ аясындағы елдерде символдар көп. Жаңа символ бәсекеге шыдамауы мүмкін» дейді ол.

Ал саясаттанушы Антон Морозовтың пікірінше Қазақстанға келгенде символдардың жағдайы мәз емес.

«Бір ғана «Рухани жаңғырудың» логотипін алып қарайық. «Мәңгілік ел» де елдің есінде қалмады. Символдың мақсаты не? Брендті, жобаны елге таныту емес пе? Біз соны ұмытып кете береміз» деді ол.

Оның айтуынша символ жасау сөз жүзінде ғана жеңілді. Ол әзірленген күннің өзінде одақ аясындағы барлық елдердің көңілінен шығуы керек.

Өз кезегінде Қазақ-неміс университетінің профессоры Рустам Бұрнашев:

«Еуразиялық одақты оның жұмысы үшін емес, оның бар болғаны үшін сынайды. Оның символикаларын сынайды. Айталық, Георгий лентасын одаққа қатысты деп санайды. Меніңше одақты оның атқарған ісіне қарай бағалау керек» деді ол.

Жиында сөз алған Алматы Менеджмент университеті, «Мемлееттік және қоғамдық саясат пен құқық» кафедрасының ұстасы Александр Губерт осы тақырыпқа қатысты ойын былай деп білдірді:

«Ілгіредідегі сөздермен келісемін. Символ жасау үшін ондаған жылдар қажет болуы мүмкін. Себебі, қоғам талқысынан өтуі тиіс. Күні өткен, ескірген символдар бар. Кез –келген символға халықтың көзі үйренуі керек. Айталық, қазіргі Астананың маңызды нысандарынан символ жасамақ. Бұған да уақыт керек. Ал Еуразиялық одақтың символы туралы айтқанда асығудың мүлде жөні жоқ. Себебі, одаққа қатысты түрлі пікір көп. Одақ аясындағы елдер ертең бірге жүре ме, әлде ортақ ұстаным қалыптастыра ма, мұның бәрі уақыт анықтайды» деді ол.

Источник: Информационно-аналитический портал «365INFO.kz. Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар»

от wefund