«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Бірлік, бейбітшілік және ынтымақ: мәдениет үндестігі және пікір алмасу мәдениеті» атты тақырыпқа арналды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мәдени байланыстар жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді.

«Бір ғана ТМД аясында көптеген маңызды шаралар қолға алынды. Былтырғы жылы ТМД – ның мәдени астанасы ретінде Арменияның Горис қаласы танылды. Келесі кезекте Белоруссияның Брест қаласы осындай деңгейге ие болмақ.

Ал 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД-ның мәдени астанасы атанатын болады.

Ал 2019 жыл ТМД кеңістігінде Кітап жылы деп аталмақ» деді ол

Мәдениеттанушы Елдес Сейіткемелдің айтуынша, коммунистік құндылықтар бірте-бірте ұмытылып жатыр. Олардың орнын ұлттық, ислами дүниелер алмастыруда.

«Алайда әлі де болса өткенге үңілетіндер, сол кезді сағынатындар көп. Бұл өз кезегінде қазір тәуелсіз ел атанып отырған мемлекеттердің мәдени диалог орнатуына кедергі келтіреді» деді ол.

Өз кезегінде профессор Болат Сұлтанов: «Көрпені өз жағына тартумен ешбір ел мәдени диалог орната алмайды. Әлі есімде 2017 жылдың қазанында Санкт-Петерборда Қазақ төңкерісінің 100 жылдығы аталып өтті.

Міне, сол кезде кейбір бағдарламаларда мұны орыс төңкерісі ретінде көрсеткендер болды.

Бұл қателік. Ресей көпұлты ел және солай болып қалады да. Егер Ресей бір кезде бір империя астында болған елдермен мәдени байланысты үзгісі келмесе, мұндай ауқымдағы шараларды жекелемеуі керек. Иә, кеңестік мәдениет келмеске кетті. Бірақ, соның жақсы сипаттарын сақтап қалуға болады», – деген ойын айтты.

Отырысты түйіндеген еліміздегі ЮНЕСКО орталығының директоры

Ләйлә Ахметова: «дәл қазіргі қоғамда мәдени дағдарыс бар» деген пікір білдірді.

«Қазақстанға келер болсақ, біздің өз ұлттық, қазақи мәдениетіміз бар.

Интернационалдық сипаттағы мәдениет келмеске кетті. Иә, ол ара тұра төбе көрсетіп қалады. Біздің мақсатымыз осы мәдениеттерді өзара әрекеттестіру. Өткен мен бүгінгіні байланыстыра білу.

Екіншіден, мәдениеттің, өнердің бағаланбау мәселесі бар. Соның бірі Димаш немесе әйгілі Майра Мұхамедқызы. Бұл кісілер өз елімізде ән салғанда бағаланбады. Еленбеді. Тек шетел мойындағасын барып біздің көзіміз ашылды. Анығы бұл да мәдениет» деді ол.

Источник: Информационно-аналитический портал «365INFO.kz»

от wefund