«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында бас қосқан сарапшылар мен саясаттанушылар «Ғылыми-техникалық әріптестіктің интеграциясы: Еуразиялық кеңістіктегі даму қарқыны» атты тақырыпты талқыға салды.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша Еуразиялық одақ аясында бірлескен ғылыми-техникалық жобалар жасауға әбден болады.
«Одаққа бірікпеген мемлекеттердің өздері ғылыми-техникалық әріптестікті жақсы жолға қойған. Мен білсем iPhone жобасы осындай ғылыми-техникалық әріптестіктің жемісі. Себебі, бұл жобаны Қытайда жасайды, АҚШ-та әзірлейді. Неліктен дәл осындай идеяны Қазақстан мен Ресейге бірігіп жасамасқа?» дейді Полетаев.
Ал журналист Владислав Юрициннің айтуынша, ғылыми-техникалық әріптестік одаққа біріккен мемлекеттерге ауадай қажет. «Батыстың санкциясы салқынын тигізіп жатыр. АҚШ технологиясына тәуелді болмауы үшін біз өз жобаларымызды жасауға тиіспіз» дейді ол.
Журналист Сергей Козловтың пікірінше, мұндай әріптестік қажет. Бірақ, бұған Қазақстанның әлеуеті жете ме, мәселе осында.
«Көп ғалымдарды білемін. Бизнес те, мемлекет те ғылымды қажет етпейді. Ғылым мен өндірістің байланыспен отырғаны сондықтан» дейді олар. Демек, бұл бағытта жасалатын жұмыстар жетіп артылады»
дейді Козлов.
Өз кезегінде саясаттанушы Айгүл Омарова әріптесінің сөзімен келісетінін айтып, Қазақстаннан милыбастардың кетіп жатқанын тілге тиек етті.
«Менің Жаңасібірдегі мехматты бітірген туысқаным қазір Лондондағы халықаралық компанияда жұмыс істейді. Себебі, Қазақстанда үш жыл бойы жұмыс таппай жүрді.
Айтайын дегенім бізде ғылымға серпін беретін мамандар бар. Бірақ, олар өз елінде бағаланбай жүр. Салдарынан шетелге кетіп жатыр…» деді Омарова.
Жиынды түйіндеген саясаттанушы Антон Морозов мұндай әріптестіктің іс жүзінде жүзеге асарына күмән келтірді.
«Еуразиялық одаққа біріккен елдер қандай бір ғылыми жобаны әлемге таныстырды ма? Осы бағытта қандай жетістіктеріміз бар деген мақсатпен Еуразиялық экономикалық одақтың құжаттарын қопарып көрген едім. Түк таппадым. Анығы, түк жоқ.
Сайып келгенде, барлығы сөз жүзінде қалып жатыр. Нақты жұмыс жоқ. Помпезді декларацияларға қол қойылады. Сол күйінде қалады» деді ол.

Источник: Ақпараттық-сараптамалық 365Info порталы

от wefund