«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында бас қосқан сарапшылар қауымы бұл жол «Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі: ұлттық мүдде мен мемлекетаралық әріптестіктің арақатынасы» атты тақырыпты талқыға салды.
Саясаттанушы, «Еуразия әлемі» ҚҚ жетекшісі Эдуард Полетаев өз сөзінде: «Кодекс алдағы жылдың басынан бастап күшіне енуіс тиіс. Бірақ, көптеген мәселелер бойында одаққа мүше елдер әлі де болса ортақ келісімге келген жоқ. Ендеше кодекс келер жылы да қабылданбай қалуы мүмкін» пікір білдірді.
Ал Zonakz.net интернет-газетінің саяси шолушысы Владислав Юрицының айтуынша Еуразиялық одақтың кеңістігінде сатып алушылардың, яғни, тұтынушылардың мүддесін қорғайтын қандай да бір лоббилік топтар жоқ. Яғни, бұл кодекстің енгізілуі алдымен қарапайым тұрғындар не беретінін ескеру керек.
Өз кезегінде Caspian Bridge ақпараттық-сараптамалық орталығының бас редакторы Замир Каражанов: «Кедендік кодексті әзірлеу барысында барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілгені анық. Себебі, пікірсайыстарда бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысқан болатын. Бірақ та, қалай болған күннің өзінде Ресейдің лоббилік мүмкіндігі одаққа мүше басқа елдерге қарағанда әлдеқайда күшті. Бірінші кезекте, бұл Кедендік кодекс Ресейге қажет. Осы арқылы Мәскеу өзін экономикалық тұрғы. Ал біз ше? Бізде қандай қауқар бар?» деді.
Саясаттанушы Антон Морозовтың пікірінше Кодекс күшіне енген жағдайда отандық өндірушілерді тағдыры қалай боларын ескеру керек.
– Иә, заң жүзінде бәрі жақсы және мінсіз. Кодекс ортақ, шекаралар ашық, мүмкіндік те мол әрі одаққа біріккен мемлекеттердің құқығы да тең. Менің айтайын дегенім егер де аталған Кедендік кодекс отандық өндірушілердің мәселелерін шешіп жатса, ендеше бұл дұрыс құжат болғаны, – дейді Морозов.
Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықов өз кезегінде жиналғандарға қарата: «Бізге Кедендік кодекстен не күтуге болады? Иә, көптеген барьерлер, яғни кедергілер жойылады екен. Бірақ, осыншалықты қысқа мерзімді мұның бәрін жойып болмаса қысқартып жіберу мүмкін емес. Егер кодексті қазір қабылдайтын болсақ, ертең екі жүріс жасаймыз. Яғни, күшіне еніп, жұмысына кіріскен Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіп әуреге түсеміз. Мені, франчайзинг қауымдастығының өкілі ретінде Кодекс күшіне енгеннен кейін жеке, интеллектуалдық мүлік, авторлық құқық қалай қорғалады деген мәселе мазалайды» деді.
Ал отырысты түйіндеген саясаттанушы Андрей Чеботарев: «Кедендік кодекс қабылданып, нақты іске кіріскеннен кейін ғана біз Еуразиялық одақтың қандай ұйым екенін (саяси әлде экономикалық) айтып бере алатын боламыз» деді.
Источник: Nauka.kz