«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының қатысушылары «Еуразиялық экономикалық одақтың» әлеуеті: жаңа жаһандық деңгейдегі экономикалық құрылым» деп аталатын тақырыпты талқыға салды.

Эдуард Полетаев

 «Еуразия әлемі» қоғамның қорының жетекшісі Эдуард Полетаев өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне қол қойылғанына бір жыл толып отырғанын тілге тиек етті.

«Бурабай жерінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны өтті. Осы жиынның аясында Вьетнам Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттермен еркін сауда жүргізе алатын аймаққа енді. Байқар болсаңыздар, одақтың толық жұмысқа кіріскеніне жарты жыл да өте қойған жоқ, соған қарамай өзге елдердің одаққа деген қызығушылық күн өткен сайын артып келеді», – деді ол.

Менің білуімше, дәл қазір әлемдегі 40-тан аса мемлекет Еуразиялық одаққа қосылуға ниет танытып отыр. Былайша айтқанда, бұл әлемдік тенденция. Бүгін ғана мен ТМД статкомитетінің деректерін сүзгіден өткіздім: егер 1993 жылы мұндай ұйымдардың саны 124-ті құраса, 2014 жылдың 1 қаңтарына сай 587 ұйымға жеткен» деді ол.

23-big

Ал Қазақстандағы шекаралық әріптестік қауымдастығының өкілі Марат Шибутов пікірінше, Вьетнам Еуразиялық одақпен келісімге келуге, әріптесіп жұмыс істеуге ниет танытса бұл біздің одақтың тартымдылығының көрінісі.

«Бірақ, шыны керек келісімшарттар өте ұзақ жүрді. Менің білуімше, біз Кедендік одаққа кіргелі бері жалғасып келеді. Мынаны түсіну керек, әзір бізбен еркін сауда экономикалық одағына кіруге Түркия, Иран, Израиль құлық танытып отыр. Бірақ, бұлардың да одақтың экономикалық кеңістігіне кіруін 4-5 жыл күту керек» деді Шибутов.

Өз кезегінде Қазақ-Неміс  университетінің жанындағы халықаралық және аймақтық әріптестік институтының директоры Болат Сұлтанов көптен назарын мына мәселеге аударды: «Еркін экономикалық аймақтан халыққа қандай пайда? Сайып келгенде, біз бірінші кезекке қаржылық топтардың емес, керісінше қарапайым қазақстандық азаматтың мүддесін жоғары қою керекпіз. Менің ойымша саясат ешқашан да экономикаға араласпау керек. Нақтырақ айтсам, қысым жасамауға тиіс.

Иә, Еуразиялық одақ бұл интеграциялық одақ. Алайда Борис Кагарлицкий айтқандай мұндай ұйымдар ең алдымен экспорттаушыларға тиімді. Ал мұндай мүмкіндігі жоқ елдерге өз экономикасын қорғаудан басқа амалы жоқ.

Болат Сұлтанов

Қазіргі күні біз неолибералды дәстүрлер мен идеялардың ықпалында жүрміз. Яғни, дәл қазір біз үшін жаһандану дегеніміз жақсы. Алайда дағдарыс орын алғанда біз жаһандық әлемге сенім артпаймыз, керісінше ұлттық мемлекетімізге қараймыз. Ал ол өз кезегінде өзінің компаниялары мен әлеуметтік кеңістігін қорғауы тиіс», – деді ол.

«Алмагест» консалтингілік компаниясының директоры Айдархан Құсайыновтың пікірінше белгілі бір жобаны жүзеге асыру, оның пайда әкелу ұзаққа созылып кетсе, мұның қажеті де шамалы болады.

«Ал менің ойымша Еуразиялық одақтың тартымды тұстары өте көп. Біздің қатарымызға Түркия, Вьетнам және Иран сияқты мемлекеттер қосылуға ниет танытып отырса, ендеше бұл олардың біздің ұйымға қызығушылық танытып отырғанының белгісі. Иә, бұл келісімдерден бір күнде пайда, табыс түспейтінін түсіну керек. Бастысы, мұндай келісім бар және оның пайда әкелуі тек уақыттың еншісінде» деді өз сөзінде Құсайынов.

 

 
Источник: DalaNews

от wefund