II дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан: 1,5 млн адам, 1 млрд сом…

06.05.2014

Жақында Алматыда Ұлы жеңіс мерекесіне, сонымен қатар Ленинград бекінісінің алынуына және қазақстандық жауынгерлердің Ленинград шайқасына қатысқанына 70 жыл толуына орай халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға соғыс ардагерлері, саясаттанушылар қатысты. Олар «Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі қандай?» деген сауал төңірегінде кең ауқымда сөз қозғады. Біз осы жиында ортаға салынған ой-пікірлерді оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

 Наиля Бекмаханова, тарих ғылымдарының докторы:

– Соғыс жылдарында Қазақстанға КСРОның түкпір-түкпірінен танымал әншілер мен әртістер, ақындар мен жазушылар қоныс аударғанын  айта кету керек. Есімдері күллі КСРО жұртына танымал ақбас академиктер мен профессорлардың Алматығы көшіп келген сәті әлі күнге есімде. Оларды опера театрының жанындағы шағын қонақүйге орналастырды. Біз өз үйімізге қонаққа шақыратынбыз, олар да қарап қалмайтын. Иә, дастарханымыз соншалықты мол болмағанымен, көңіліміз кең еді. Басқасы болмаса да, шай мен әннен тарыққан жоқпыз. Ленинградтық опера және балет театрының спектаклдеріне үзбей қатысатын едік. Атақты Уланова билейтінін естігенде театр лық толатын. Мұндай сәттер ешқашан ұмытылмайды.

Еренғайып Шайқұтдинов, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық қауымдастығының Алматы қалалық филиалының төрағасы:

– Соғысқа біздің елімізден 1,5 милллион адам қатысты. Бұлардың 1,16  миллионы Қызыл әскердің қатарында қан майданда жауға қарсы соғысты. Өзгелері еңбек майданында әскерге аттанған жауынгерлерді қажетті қару жарақпен, азық түлікпен қамтамасыз ету үшін тер төкті. 600 мыңға тарта қазақстандықсоғыстан оралмады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 7 бригадабір зенитті полк12 құрылыс батальоны мен 2 автобатальон аттанған. Ерекше ерлігімен көзге түскен 499 қазақстандық «Кеңес Одағының батыры» атағын алды. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинград, Новгород, Псков түбіндегі шайқастарда фашистерге ерекше қарсылық көрсетті. Отандастарымыз Балтық флотының құрамында да болды. Айталық, «Киров» атты соғыс кемесінде 156 отандасымыз болған.

Қалқаман Жұмағұлов,  тарих ғылымдарының докторы:

– Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға 2 миллион 40 мың адам көшірілді. 142 өндірістік кәсіпорнықоныс аударды, мұның 40 шақтысы КСРОдағы ең ірі өндіріс орындары саналатын. Материалдық үлесіміз де өлшеусіз болды. Сөзіме дәлел ретінде айта кетейін,  1941 жылдың 21 желтоқсанына дейінгі аралықта қазақстандықтар өз қалталарынан қаржы шығарып, қорғаныс қорына 52,4 млн. сом аударған. Ақшалай табысы аз адамдар азықтүлік жөнелтті. Айталық, 1942 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта Қазақстаннан майдан даласына 8 мың тонна астық жөнелтілді. Жалпы айтқанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына, қорғаныс қорына бес жылдың аралығында 1 млрд. сом қаржы аударды және де 2 млн. жылы көрпешелер мен киімдерді жіберді.

Сонымен қатар, республика тұрғындары соғыстан зардап шеккен аудандарға да барынша қарайласып, көмектесті. Мысалы, жергілікті комсомолдар Сталинградты қайта қалпына келтіруге шамамен 2,9 млн. сомаударған екен. Ал фашистер қиратып кеткен Тамбов облысына 100 мың бас ірі қара, ауыл шаруашылық құралдарын, ауыл шаруашылық көліктерін және жылы киімдер жөнелткен.

Валентина Винер, «Қаһарман қала Ленинград блокадасы» ұйымының Алматыдағы қалалық филиалының төрағасы:

—  Қазақ халқы туған жері майдан құрсауында қалып, осында көшірілген орысты да, украинды да, белорусті де, басқа халық өкілдерін де бөтенсімей, бауырына басты. Лениград блокадасы кезінде атаанасынан айырылып жетім қалған бүлдіршіндер Қазақстанға жіберілгенін білесіздер. Мен сөзімді нақты деректермен дәлелдей түсейін. 1942 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанға құрамында 12 962 жетім бала жіберілген. 1544  балаАлматы облысындағы жетімдер үйіне орналастырылса, 507 баланы қазақ отбасылары асырап алған. Мен өзім атаанасынан айырылған ленинградтық баланы Күләш апа есімді қария асырап алып, оған Ақылжан деген ат қойғанын білемін. Мұндай мысалдар өте көп.

 Лариса Малашенко, Ресейдің Мемлекеттік мұражайының ғылыми ақпараттық бөлімшесінің бастығы:

– 2015 жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осы мерекеге орай, біздің мұражайға Қазақстан тұрғындарының атынан Ұлы Жеңісті ұлықтаған хаттар түсіп жатыр. Осының өзі ұлттар достығының белгісі. Сондықтан да Ұлы Отан соғысы туралы теріс пікір айтуға жол бермеуіміз керек. Осы арқылы біз сол сұрапыл соғысқа қатысқан, ардагерлерге құрмет көрсетеміз.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» пікір сайыс клубының жетекшісі

– Соңғы кездері Ұлы Отан соғысына теріс баға беріп, оның тарихи мәні мен маңызына үңілмей теріс пікір айтушылар табылып жатыр. «КСРО империя болды, сондықтан бұл соғыс ең алдымен екі империяның шайқасы. Ал қазақ халқы бұған өзінің еркінен тыс араласты» дейтіндер де бар. Бұл ІІ Дүниежүзілік соғыстың тарихи маңызын ескермеу. Бұл мүлдем теріс пікір.

 

Әзірлеген Айбын АҚПАТША

 

Источник: «АЙНАЛАЙЫН» ЖАСТАР ЖУРНАЛЫ