«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында «Әдеби Еуразия: сөз аманаты, мәдени байланыс және дәстүр достығы» деген тақырып талқыға салынды. Жиынға қатысқан сарапшылар мен жазушылар қауымы осы мәселе аясындағы өз ой- пікірлерін ортаға салды.

Жиын шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша әлеуметтік желілер халық пен кітаптың арасына алыстатып жіберді.

Осы кезегінде аталған мәселеге байланысты пікір білдірген жазушы Дмитрий Шишкин Қазақстандағы кітап өнімдерінің 80 пайызы оқуылықтар екенін. Баспалар бәсекеден қашып, мемлекеттік тапсырыспен ғана күн көріп отырғанын тілге тиек етті.

«Сосын мектеп оқулықтарын да жөндеп шығармайды. Білім және ғылым министрлігінің дерегішне 88 пайыз мектеп оқулықтары жетілдіру мақсатында баспаларға қайтадан қайтарылады екен» деді ол.

Ал сарапшы Айдархан Құсайыновтың айтуынша еліміздегі кітап нарығының тұралап тұрғаны баспалардың кінәсінен емес. Бар мәселе ақпараттық саясатта. «Қазақстандық жазушы жаһандық дағдарыс, АҚШ пен Ресей тақырыбында қыруар кітап жазып тастауы мүмкін. Алайда оның жарнамасы жасалмаса, насихаты жүрмесе бұл туындылардың ешкімге керегі болмайды» дейді ол.

Отырыстың соңын түйіндеген саясаттанушы Әділ Кәукенов, өз сөзінде: «Жазушылықпен айналысқан адам ешнәрсеге алаңдамауы керек. Ол бала-шағасын қалай асыраймын, қалай ақша табамын, қалай күн көремін деген күнделікті тіршіліктің күйбеңіне көңіл бөлмеуі тиіс.

Сонда ғана жақсы туынды туады. Ал ойы сан-саққа жүгіріп, көңілі бөлініп, жұмыс үстеліне отыруға әрең уақыт табатын адам қандай жақсы дүние туғыза алады, айтыңыздаршы» деген пікір білдірді.

Источник: 365info.kz

от wefund