ШҚМУ-да «Заманауи интернет-мәдениет контекстіндегі журналистік шеберлік» қазақстандық-ресейлік семинар-тренингі өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ алаңында «Заманауи интернет-мәдениет контекстіндегі журналистік шеберлік» қазақстандық-ресейлік семинар-тренингі өтті.
Оны облыс әкімдігі, ШҚМУ, «Еуразия әлемі» қоғамдық қоры, «Сібір-Еуразия» сараптама клубы, Новосібір мемлекеттік университеті ұйымдастырды.
Спикерлері – Э.Э. Полетаев, саясаттанушы, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының президенті (Алматы қ.), А.А. Баянов, Tayga.info интернет-басылымының негізін салушы, құрылтайшысы, Tayga.research зерттеу компаниясының бас директоры (Новосібір қ.), В.Е. Беленко, философия ғылымының кандидаты, доцент, Новосібір мемлекеттік университеті бұқаралық коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі (Новосібір қ.).
Семинарға облыстағы ЖОО студенттері, оқытушылар, БАҚ басшылары, журналистер, блогерлер қатысты.
Ішкі саясат басқармасының басшысы И. Смит және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
Семинарда Э.Э. Полетаев «Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының және ЕАЭО елдерінің ақпараттық күн тәртібі» дәрісін оқыды, А.А. Баянов «Цифрлық коммуникацияның заманауи жағдайларында редакция жұмысын ұйымдастыру» шеберлік сыныбын, В.Е. Беленко «Мультимедиалық сторителлинг» тренингін өткізді, Э.Э. Полетаев шеберлік сыныбында Қазақстан интернет-кеңістігінің даму трендтерімен, сонымен қатар әлеуметтік желілер тәуекелдерімен және жаңа аудиториялардың қалыптастырылуымен таныстырды.
– Біз редакция жұмысында медиа зерттеулердің қаншалық маңызды екенін талқыладық, – деп атап көрсетті Александр Баянов.
Виктория Беленко заманауи құралдармен жеке мультимедиалық тарихты қалай жасау керектігін, іс-шараны қалай жариялау керектігін түсіндірді.
– Жастар үшін семинардың пайдалы болғаны, олардың медиа сала туралы дүниетанымы кеңейгені анық, – деді Эдуард Полетаев.
Семинарда пікірталастар өтіп, спикерлер қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
Соңында сертификаттар табысталып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Сондай-ақ, қонақтар «ALTAI JASTARY» телестудиясындағы «Ашық сұхбат» бағдарламасына қатысып, лебіздер кітабына өз тілектерін қалдырды.
Источник: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті