Шекаралық аймақтардың әріптестігі қай деңгейде?

11.06.2018

Еуразия әлемі пікірсайыс клубының кезекті отырысы « Цифрлық шешімдер және Еуразиялық одақтың шекаралық аймақтарының экономикалық әріптестігі» тақырыбына арналды.

 Шараға қатысқан «Социум- PV» ҚҚ директоры Дмитрий Франктің айтуынша Павлодар облысында шекаралық аймақты дамыту мәселесі әлдеқашан жолға қойылған.

«Бұл мәселе әлі де өзекті. Шекаралық аймақтардың экономикалық белсенделігі өз кезегінде күллі одақтың жұмыс нәтижесіне әсер етеді. Одақ экономикасын жандандырудың бір жолы шекаралық аймақтардың әріптестігін арттыру» дейді ол.

Өз кезегінде PR кеңесші Владимир Павленко шекаралық әріптестікті дамытуда цифрландырудың да маңызды екенін айтты.

«Бұдан біраз бұрын Астанада қазақстандық және ресейлік мамандар бас қосқан форум өтті. Осы форумда Еуразиялық одақ елдерінің жаңа заманауи трендтерге бейімділік мәселесі қозғалды. Егер Ресей мен Қазақстан цифрландыруды бірге дамытқысы келсе, ендеше бұл тарапта ортақ бағдарлама қабылдауы керек» дейді Павленко.

Ал Шекаралық әріптестік қауымдастығының Қазақстандағы өкілі Марат Шибутов бұл ретте:

«Цифрландыру? Иә, технология деген жақсы ғой. Бірақ, бұл тарапта не білеріміз бар? Қазақстанға қатысты көптеген мәліметтер әлі ғаламторға да енгізілмеген. Мұны қайтеміз? Ал шекаралық әріптестік мәселесіне келсем, шекаралық аймақтардың байланысы әлі де болса жеткілікті деңгейде емес. Айталық, біздер іргелес Жаңасібір облысы туралы ештеңе білмейміз. Оларда қанша қойма бар, қандай жеңілдіктер қарастырылған, қандай стандарттар бойынша жұмыс жасайды. Шекаралық әріптестік туралы айтқанда осы мәселелерді ескеру керек» дейді ол.

Ал профессор Рустам Бурнашевтың айтуынша,  шекаралық әріптестік тек экономикалық байланыстармен шектеліп қалғаны жөн емес.

Оның сөзін толықтыра кеткен қытайтанушы Әділ Қаукенов бұл ретте:

«Цифрлық экономика туралы айтқанда оның өнімі қандай боларын білеміз бе өзі? Әлде тағы да бөтен елдердің технологияларын тұтынатын боламыз ба? Цифрландыру деген бөлектену дегенді білмейді. Бұл тарапта біз Ресейден үлгі алмауымыз кереу» деді.

Источник: 365info.kz