Екі жақты келісім аясында журналистер өз ара ақпараттармен алмасып қана қоймай, ТМД елдері арасында қызығушылық тудыратын тың жобаларды да жүзеге асырмақ. Сонымен қатар жергілікті жас тілшілердің материалдары ресейлік баспалардан жарық көруі мүмкін. Өскеменге ресейлік баспа өкілдері мен саясаттанушылар жас әріптестерімен ғаламтордағы БАҚ салсындағы тәжірибелерімен бөлісуге келді. Журналистика факультетінің студенттері, блогерлер мен  белсенді жастар желілік коммуникация саласындағы жаңа білімін жетілдіріп, тың дүниелермен танысуға мүмкіндік алды. Ресейлік танымал сайттың негізін қалаушы новосібірлік  Александр Баянов шеберлік сағатын өткізіп, журналистиканың жаңа трендтері мен ақпарат беру форматтары туралы әңгімеледі. Семинар барысында сондай-ақ оқырмандары көп БАҚ құру және медиаоқытуды өткізу жолдары туралы ақпараттар ортаға салынды. Шараны ұйымдастырушылар аймақтағы ғаламтор беттерінде жарияланатын ақпараттардың тұрғындар арасында танымалдылыққа ие екендігін ерекше атап өтті. Сол себепті, жергілікті әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Источник: Oskementv

от wefund