Соғыс, интервенция, отарлау…саяси күрестің құралдарының орнына әзір «түрлі-түсті» төңкерістер келген.

«Еуразия кеңістігіндегі электоралды пасьянстар: сценарийлер және технологиялар» атты тақырыпты талқыға салған «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубының қатысушылары осы орайдағы пікірлерін ұсынып отырмыз.

Шараға Армения өкілдері қатысып осы жылдың шілдесінде Ереванда болған жағдайларды жүйелеп берді.
— Осы қаруланған топ Қарабах соғысына қатысқандардан құралған. Олар Армения билігін отставкаға кетуін талап етті. Себебі, олардың ойынша Арменияда әділдік жоқ, – деді Халықаралық гуманитарлық даму ұйымының төрағасы Арман Гукасян.

Өз кезегінде саясаттанушы Эдуард Полетаев: «Осы митингтің салдарынан үш полицей қаза тапты.Әрине, алаңға шыққандардың әділетсіз әлемнен әділеттілік сұрауы нонсенс. Алайда мұның өзі «түрлі түсті революцияның көрінісі» деді.

Оның айтуынша мұндай төңкерістің белгілері Украинада ерекше көрінді.

Ал сарапшы Айгүл Омарованың пікірінше 2005 және 2010 жылғы Қырғызстандағы жағдайларда «түрлі түсті революцияға» жатады.
«Менің ойымша кейбір дүниелер ерте бастан дайындалады. Алғаш олардан ешкім қауым күтпейді. Айталық, Қырғызстандағы оқиғаларға әйелдер наразылығы қозғаушы күш болды. Айналып келгенде халық долы әйелдердің соңынан жүрді» деді ол.

Халықаралық гуманитарлық даму ұйымы төрағасыныңо орынбасары Цовинар Костанян өз кезегінде: «Биылғы жылдың шілдесінде Арменияда болған оқиғаларға Батыстың әсері болды. Батысшыл үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдастықтар халықтың алаңға шығуына әсер етті. Сайып келгенде Украинадағы жағдайлар қайталанды» деді ол.

Ал жиынға қатысқан өзге сарапшылар «Қазақстанда саяси партияларды шетелдік ұйымдар тарапынан қаржыландыруға тыйым салынғанын» тілге тиек етті.

 
Источник: 365info.kz

от wefund