Жастар осы қоғамнан өз орнын тапты ма? Оларды не мазалайды, олар нені армандайды? ТМД кеңістігіндегі жастардың ой-пікірі үйлесе ме?
«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «ХХІ ғасыр келбетіндегі интеграция және жастар» тақырыбына арналды. Шараға қатысқан сарапшылар осы төңіректегі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғалым Асқар Нұршаның айтуынша, бүгінгі буынның аға буыннан алар үлгі-өнегесі жоққа тән.
«Аға буынның іс-тәжірибесі бүгінгі заманда іске алғысыз болып қалғанын мойындауымыз қажет. Өткен дәуірдегі көптеген кәсіптер келмеске кетті. Өмірдің өзі өзгерді. Талғам өзгерді. Талап күшейді. Еңбек нарығындағы жағдайға зер салсақ, маманның жұмыс өтіліне де қарап отырған жоқ. Иә, бәлкім жастар белсенді шығар. Себебі, өмірдің ағысы жылдамдап жатыр. Белсенділік өмірдің қарқынына ілесе алмауда. Жастарда дағдару бар», дейді ол.
Ал саясаттанугы Рұстам Бұрнашевтің пікірінше, қазіргі күні «жастар саясаты» деген сөздің өзі ескірді.
«Мұның қандай мақсатты қолданылатыны да түсініксіз. Бұған жастар ісіндегі қандай категориялар кіретіні де белгісіз. Бізде жастар саясаты дегенді жастардың жас мөлшерімен ғана шектеген. Жастардың ішінде де түрлі-түрлі топ бар. Олардың көзқарастары мен мүддделі бір-бірімен тоқайласпауы мүмкін», деді ол.
Ал саясаттанушы Әділ Кәукеновтың айтуынша, біздің елде жұмысшылар аз.
«Халықтың қажетіне жарайтын, күнделікті тіршілікте аса керекті кәсіптер игерілмейді. Электриктер, сантехниктер жоқтың қасы. Содан келіп жұмыс жоқ дейміз. Жұмыс бар, бұл үшін дұрыс мамандықты, нарықты сұраныста болатын, өзектілігін, өміршеңдігін жоғалтпайтын кәсіпті таңдау қажет», – дейді ол.
Журналист Сергей Козлов бұл тарапта елімізде жүзеге асырылатын реформаларды мысалға келтірді.
«Әріге бармай-ақ білім саласын мысалға алайық. Бұл саладағы дүркін-дүркін жүргізілетін реформалар ақыр соңы адасушылыққа ұрындырды. Студенттердің әрбір жаңа буыны жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Білім саласын басқаруға келетін әр жаңа министр өз реформасын ала келеді. Алдындағы жолға қойылған жүйенің тас-талқанын шығарады. Бұдан кейін білім саласынан не күтесіз? Білімдегі адасушылық жастарға да кеселін тигізуде», – деді ол.
Источник: Казахстанский республиканский портал ZAKON.KZ