«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «ХХІ ғасыр келбетіндегі интеграция және жастар» тақырыбына арналды.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, «еуразия әлемі» пікір сайыс клубының жетекшісі, саясаттанушы: ТМД кеңістігінде тұратын жастардың саны (15-29 жас аралығындағы) 60 млн. адамды құрайды екен.
«Бұлар тәуелсіз елдерде өмірге келген ұрпақ. Алайда ТМД-дағы бірқатар елдерде халық қартайып жатыр. Атап айтар болсам, Армения, Ресей, Беларусьтің тұрғындары қартайып жатқан халықтардың қатарында. Бұл елдердегі жас 65-тен асып жығылатын тұрғындардың саны жалпы халық санының 7 пайызын құрайды.
Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстанда бұл көрсеткіш 4-7 пайыздың төңірегінде тоқтап тұр. Бұл елдерде қартаюдың аз алдында тұр», – дейді ол.
Өз кезегінде Халықаралық бизнес университетінің маманы Полина Әбуғалиева ТМД «посткеңестік кеңістіктегі жастар» атты ұғымға өз көзқарасымды білдіре кетті.
ТМД кеңістігіндегі жастарды біріктіру өте қиын. Біздегі өмірге, ортаға, саясатқа, мәдениетке келгендегі көзқарасымыз бөлек. Айталық, қазақ жастардың әлемге көзқарасы орыс немесе қырғыз жастарына мүлде ұқсамауы мүмкін.
Жалпы ТМД жастарының бірігуі мүмкін екенін мойындауымыз қажет. Біздердің болмысыз, бітіміміз бөлек. Сондықтан «посткеңестік кеңістіктегі жастар» деген ұғымның болашағы жоқ деп білемін. Себебі, әрқайсысымыз әртүрлі ойлаймыз, мұндайда бірігу де болмасы анық», – деді ол.
Саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша елімізде жылына 82 мың түлек оқу бітіріп, олардың 27 мыңы ғана жұмыс табады екен.
«Олардың ішінде 8 мың адам ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналады. Сайып келгенде, біздегі адам капиталы айдалаға кетіп жатыр. Адам капиталы жұмыс істеу үшін өз кәсібін бүге-шігесіне дейін білетін адамдар қоғамнан өзіне тиесілі орын табуы керек», – дейді ол.
Шараның шымылдығын түрген профессор Асқар Нұршаның айтуынша, бүгінгі буынның аға буыннан алар үлгі-өнегесі жоққа тән.
«Аға буынның іс-тәжірибесі бүгінгі заманда іске алғысыз болып қалғанын мойындауымыз қажет.
Өткен дәуірдегі көптеген кәсіптер келмеске кетті. Өмірдің өзі өзгерді. Талғам өзгерді. Талап күшейді. Еңбек нарығындағы жағдайға зер салсақ, маманның жұмыс өтіліне де қарап отырған жоқ.
Иә, бәлкім жастар белсенді шығар. Себебі, өмірдің ағысы жылдамдап жатыр. Белсенділік өмірдің қарқынына ілесе алмауда. Жастарда дағдару бар.
Оларға нені білгісі, нені оқысығы келетін, қандай алуға ұмтылу қажеттігін анықтай алмауда, себебі ертеңгі күні алған білімі қажетсіз қалуы ғажап емес», – деген пікір білдірді.
Источник: Республиканская общественно-политическая газета «Кала мен Дала»